Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-нан келген гуманитарлық көмекті жасырып қалды деген күдікке ілініп отыр.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, басқарма медициналық ұйымдардағы қажетті қорғаныш құралдарының үш апталық қоры бар деген сылтаумен аталған көмекті ешқайда таратпай, қоймада сақтап қойған. Алайда прокуратураның тексерісі барысында құрал-жабдықтардың Жылыой аудандық орталық ауруханасына жетіспейтіндігі анықталыпты. Одан қалса, Исатайдағы аурухана шілде айында 2,5 млн теңгеге 500 қорғаныш комбинезоны мен 5000 дана медициналық бетперде сатып алған. Ал бұл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелгенін айтып отыр. Қазір осы іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегіне жолданды.