CaspianLife, 4 желтоқсан. Кешке Астрахань облысының аумағында әуе қорғаныс құралдарымен ұшқышсыз ұшатын аппарат атып түсірілді.
Бұл туралы бүгін Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram-каналында: «…зардап шеккендер мен азаматтық инфрақұрылымның зақымдануы жоқ» деп жазды.