CaspianLife, 4 желтоқсан. «Силлено» ЖШС (Полиэтилен жобасының операторы) және испандық Tecnicas Reunidas компаниясы (ЕРС мердігері) жылдық қуаттылығы 1 млн. 250 мың тонна полиэтилен өндіру жобасы аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Алдын ала хабарланғандай, жоба Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын болады, бұл Қазақстанның мұнай-химия саласының дамуы үшін маңызды қадам болмақ. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, меморандум жобадағы қазақстандық құрамды арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың қосымша аспектілерін бекітеді. Атап айтқанда, Tecnicas Reunidas компаниясы Қазақстанда ТМД елдеріне арналған негізгі аймақтық орталық ретінде кеңсе ашуға және жергілікті мамандарды жұмысқа алу арқылы отандық сараптаманы дамытуға дайын екенін білдірді.
«Ерекше назар аударылатын мәселе — жергілікті кадрларды, мердігерлік ұйымдар мен қосалқымердігерлер үшін басым түрде жұмысқа алу. Мақсат — жобаның құрылыс жұмыстары аясында қазақстандық персоналдың құрамын 95%-ға жеткізу. Сонымен қатар, жергілікті мамандар үшін кешенді оқыту бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр, бұл аймақтағы кадрлардың біліктілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», — деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Меморандумның негізгі элементі — техникалық талаптар, бюджет және мерзімдерді сақтай отырып, құрылыс жұмыстары үшін тауарлар мен қызметтердің жергілікті өндірушілеріне басымдық беру болып табылады.
Бұдан басқа, Tecnicas Reunidas компаниясы Қазақстанда мұнай-химия өндірістерін жобалау және одан әрі компанияның ҚР нарығындағы қатысуын дамыту мақсатында толыққанды инженерлік орталық құру мүмкіндігін бағалайды. Меморандумға қол қою — осы ауқымды жобаны іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі, ол тек полиэтилен өндірісін Қазақстанда ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар елдің халықаралық мұнай-химия нарығындағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Бұрын, 2024 жылдың 11 қыркүйегінде жобаның акционерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Сибур Холдинг» АҚ және SINOPEC OVERSEAS INVESTMENT HOLDING PTE. LTD, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысқан ресми құрылыс жұмыстарының басталу салтанаты өтті.
«2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Силлено» ЖШС мен Tecnicas Reunidas компаниясы пиролиз қондырғысын салу бойынша келісімшартқа қол қойды — газ/химиялық кешеннің негізгі қондырғыларының бірі», — деп хабарлады ҚазМұнайГаз.
Ақпарат ретінде:
Tecnicas Reunidas — құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын жетекші халықаралық EPC-компаниясы. Компания мұнай-газ, мұнай-химия және басқа салаларда өнеркәсіптік нысандарды жобалау, экономикалық негіздеу, жобалау, сатып алу және құрылыс бойынша толық инженерлік қызметтер спектрін ұсынады.
The Corner сайтының хабарламасы бойынша.