Caspianlife, 3 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мемлекеттік шекараны қорғау және күзету бойынша қараша айында атқарған қызметінің нәтижелері жарияланды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен айда Шекара қызметі (ШҚ) шекаралық аймақта Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған 5 785 адамды ұстаған, оның ішінде:
17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
- Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
26 – есірткі заттары;
62 – қарулар мен оқ-дәрілер
35 – діни әдебиет (1 215 );
414 – жалпы сомасы 50 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);
644 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
132 – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
- Каспий акваториясында 7 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
1 жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 44,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
206 (1 633 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
46 (30 кг) таза тұқымдас балықтар;
28 итбалығы;
«Алдын алынған зиян сомасы шамамен 620 миллион теңгені құрады. Осы фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін», — деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Хабарламада сондай-ақ, қараша айында мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеулер енгізілмегені, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтіні атап өтілген.