CaspianLife, 26 қараша. «Казгидромет» РМК Атырау облыстық филиалы 30 қарашаға дейінгі ауа-райы болжамын мәлім етті.
Синоптиктердің айтуынша, аймақта 27-28 қараша аралығында аспанды көшпелі бұлт торлап, жауын-шашын болуы ықтимал. Шығыстан секундына жылдамдығы 7-12 метрден аспайтын жел соғып, ауа температурасы түнде 0°C +2°C, күндіз +3°C +5°C болады.
29 қарашада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт болып, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік бағыттан соққан желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрап, ауа температурасы түнде 0°C — 2°C болуы ықтимал, күндіз сынап бағанасы +2°C +4°C көрсетеді деген болжам бар. Ал 30 қараша күні температура түнде -3°C -5°C , күндіз 0°C +2°C болады.