CaspianLife, 22 қараша. Атырау мұнай өңдеу зауытында іске қосу операциялары аяқталғаннан кейін баяу кокстеу қондырғысы (УЗК) технологиялық режимге толығымен шығарылды. Бұл туралы АМӨЗ сайтында жарияланды.
Баяу кокстеу қондырғысының іске қосылуы ашық түсті мұнай өнімдерін өндірудің тәуліктік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді: автобензиндер 6 200 тоннаға дейін, дизель отыны 4 500 тоннаға дейін. Мұнайды тәуліктік өңдеу 16 300 тоннаны құрайды.
ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес қараша айында МӨЗ шамамен 160 000 тонна автобензин және 116 000 тонна қысқы дизель отынын өндіруді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеуде. Тауарлық өнімді жөнелту кідіріссіз жүзеге асырылып жатыр.
(Сурет: АМӨЗ сайты)