CaspianLife, 5 қараша. Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры қызметіне Азилов Қайырғали Сүйіндікұлы тағайындалды.
Ұжымға жаңа басшыны облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов таныстырды.
Қайырғали Азилов педагогика ғылымдарының магистрі.
2009-2010 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі;
2010-2015 жылдары Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған N 30 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары;
2015-2017 жылдары Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының орынбасары;
2017-2021 жылдары Nº23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директоры
2021 жылдан күні бүгінге дейін N41 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған.