CaspianLife, 21 қазан. Кеше Ақтауда «Каспий марафоны 2024» (Caspian marathon) жеңіл атлетика марафоны өтті. Бұл марафон КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Норвегия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Кения және Сауд Арабиясынан шамамен 2 500 қатысушы қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырым, 10 және 21,1 шақырым қашықтықты скандинавиялық жүгірумен жүгірді. Сонымен қатар, қала тарихында алғаш рет 42,2 километр қашықтықта марафон өткізілді.
Сайыстың нәтижесінде Еркебұлан Аташев 5 км қашықтықта жастар арасында 1 орынды иеленсе, Димаш Лекеров 2 орынды, Мағжан Нұржан 3 орынды алды. Қыздар арасында бірінші орын Айсұлу Тұлтаеваға бұйырды, ал 2 және 3 орындарға Ақкенже Таубаева мен Шынар Жанаева орналасты.
10 км қашықтықта жүгірушілер арасында Нұрысбек Сексембай 1 орынды, Амантай Қозыбаев 2 орынды, Руслан Әбішев 3 орынды алды. Әйелдер арасында 1 орын Толқын Нұрашеваға, 2 орын Айгүл Уалиеваны, 3 орын Гүлдана Төртбаеваға берілді.
21,1 километр қашықтықта Дарын Қонысбаев бірінші, Есенбол Жанғабек екінші, Әлішер Сапаров үшінші орынға ие болды. Қыздар арасында 1 орын Елена Толстыхқа, 2 орын Александра Бекшеваға, 3 орын Тұрсынай Сұлтанғалиеваға берілді.
42,2 километр қашықтықта Ислам Аманқос, Зикрулло Маматқұлов және Тимур Аманшин үздік нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында 1 орын Виктория Жуковаға, 2 орын Гүлнұр Елемесоваға, 3 орын Эльвира Соколоваға берілді.
«Марафоннан бөлек, 18-19 қазанда Маңғыстау облысында Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған қысқа қашықтықтағы спринт жарыстары өтті», — делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.»