CaspianLife, 21 қазан. Оқиға бүгін таңертең Атырау қаласында болды. 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында автокөлік шинасы жанды.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей жедел түрде сөндірілді. Құтқарушылар 1942 жылы туған әжені таза ауаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ»-деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Үйдің 45 тұрғыны, оның ішінде 12 бала алдын ала эвакуацияланды.