CaspianLife, 18 қазан. Ақтауда полицейлер есірткі дилерін құрықтады, – деп хабарлады Polisia.kz. Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды.
«Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған. Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын «мефедрон» синтетикалық есірткі заты тәркіленді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталған.
Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.