CaspianLife, 25 қыркүйек. Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы тайбокстан атыраулық спортшылар қола жүлдені жеңіп алды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
+91 кг салмақта бақ сынаған Саин Нұрхан іріктеуде грециялық Рафаэль Хоганы жеңіп ,жартылай финалда Ресей спортшысы Мухаммад Герейхановтан ұпай санымен есе жіберіп, қола жүлдеге ие болды.
Ал 14-15 жас аралығында 60 кг салмақта өнер көрсеткен Полфунтиков Богдан іріктеуде австралиялық Линколн Девис пен Белорусиялық Владислав Шмитскийді тізе бүктірді.
Жартылай финалда екі дүркін Әлем чемпионы америкалық Найл Зеленскийден жеңіліп, қоржынға қола медаль салды.
Әлем чемпионатына Атыраудан 4 спортшы мен екі бапкер қатысты. Оларды әріптестері мен туыстары сән салтанатымен күтіп алды.