CaspianLife, 20 қыркүйек. Астрахань — Маңғышлақ магистральды су құбыры мұнай-газ өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындарға, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына су жеткізуді жүзеге асырады.
«КазТрансОйл» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Еркін Таңқыбаев «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның бас директоры болып тағайындалды.
«КазТрансОйл» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еркін Таңқыбаев тағайындалғанға дейін «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның су жеткізу және есептеу департаментінің директоры болған. 2024 жылдың наурыз айынан бастап оған «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның бас директоры міндеттерін орындау жүктелген. Еркін Таңқыбаев түрлі жылдар ішінде «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының Атырау мұнай құбыры басқармасында Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясының бастығы және Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының аға инженері болып жұмыс істеген.
Ақпарат үшін: «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесіне ие. «Магистральдық суағызғы» ЖШС Астрахань — Маңғышлақ магистральды су құбырының иесі болып табылады және мұнай-газ өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындарға, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына су жеткізуді жүзеге асырады.