CaspianLife, 17 қыркүйек. Асет Мағауов және Бекзат Абайылданов «ҚазМұнайГаз» басқармасының орынбасарлары болып тағайындалды.
«ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асет Мағауов мұнай өңдеу және мұнай химиясы, мұнай өңдеу зауыттарының қызметін бақылаумен айналысады.
Асет Мағауов И.Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясын «Энергетикалық кешен салаларында экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы «Теңізмұнайгаз» АҚ экономисті ретінде бастаған. Әр жылдары энергетика вице-министрі, мұнай және газ вице-министрі, ТОО «Теңізшевройл» бас директордың орынбасары, АО «Маңғыстаумұнайгаз» бас директоры, ЗАО НК «ҚазМұнайГаз» басқарушы директоры және Халықаралық мұнай-газ машиналарын жасау орталығының бас директоры қызметтерін атқарған.
Бекзат Абайылданов мұнай мен газ өндіру және геологиялық барлау бағытын басқарады. Ол Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Менеджмент және өндірісті ұйымдастыру» және «Мұнай мен газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын АО «ӨзенМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасының филиалының оператор көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары АО «РД «ҚазМұнайГаз» өндіріс бойынша бас директордың орынбасары, АО «Өзенмұнайгаз» бас директоры, АО НК «ҚазТрансГаз» геологиялық барлау және өндіру бойынша басқарма төрағасының орынбасары, АО «Каспий Мұнай» бас директоры қызметтерін атқарған.
(Ақпарат «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен алынды)