CaspianLife, 16 қыркүйек. Бас Прокурордың бұйрығымен Магилан Еркінұлы Рахимов Атырау облысы Мақат ауданының прокуроры болып тағайындалды. деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасың баспасөз қызметі.
Магилан Еркінұлы Рахимов 1984 жылы туылған.
Прокуратура органдарында 2007 жылдан бастап қызмет етеді.
Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданының прокуроры болды.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.