CaspianLife, 3 қыркүйек. Бұл туралы Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Асан Нұрғалиев мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Қазір облыста сұйытылған мұнай газы жеткілікті. Сондай-ақ оның бағасын өсіру жоспарда жоқ. Алдағы уақытта ішкі нарықтағы газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Министрліктен қосымша 3000 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі сұратылатын болады, — деді А.Нұрғалиев.