CaspianLife, 26 тамыз. Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында республикалық облысы аумағында 26 тамыздан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Атырау қаласы Полиция басқарма баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс-шара көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, полицейлер заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді аралайтын болады.
Қылмыстың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды және полицияда есепте тұрған адамдар, қолайсыз отбасылар арасындағы құқық бұзушылықтар тексеріледі.