CaspianLife, 21 тамыз. Қазақстанда алғаш рет мұндай үміткерлерге Жазушылар одағының куәлігі табысталды.
Қазақстан Жазушылар одағы «Жазушылар одағына кандидат» жобасы аясында тұңғыш рет 12-20 жас аралығындағы әдеби талантты жасөспірімдерді Жазушылар одағына мүшелікке үміткер ретінде қабылдады.
Әдебиетші жасөспірімдер куәлік пен бағалы сыйлыққа ие болды.
«Соңғы жылдары қазақ әдебиеті өрлеу үстінде. Әдебиетіміздегі қай жанрды алып қарасақ та, жаңадан келген жас таланттары әдебиетімізге тың дүниелер әкелуде. Олардың дүниетанымы, өмірді көруі, кейіпкерлерді даралауы, шиеленіскен оқиғалар жасауында ерекшеліктер көп», – деді Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов.
Ақпарат /informburo.kz/