CaspianLife, 31 шілде — Бүгінгі таңда Қазақстанда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің 455 өтінімінің 374-і мақұлданды.
Өтінімдер бойынша жалпы сома 9,3 млрд теңгені құраса, оның 5,8 млрд теңгесіне өтінімдер мақұлданды. 222 өтінім бойынша 2,2 млрд теңге төленді.
Ең үлкен өтемақы сомалары келесі облыстардың кәсіпкерлеріне мақұлданды:
— Батыс Қазақстан облысы: 2,5 млрд теңге
— Атырау облысы: 2,1 млрд теңге
— Солтүстік Қазақстан облысы: 902 млн теңге