CaspianLife, 30 шілде – Марат Қарабаев азаматтардың шағымдарынан кейін әуежайларда тәртіп орнатуды тапсырды. Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны еліміздегі теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассалардың болмауы мәселесін көтеріп, шағымданған. Жалпы бүгін ел аумағында 300-ден астам теміржол вокзалы жұмыс істейді. Олардың бірнешеуі ғана арнайы кассалармен жабдықталған. Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлеріне барлық вокзалдарды тексеріп шығу және теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассаларды орнату мәселесін қолға алуды тапсырды. Бірінші кезеңде мамандар ірі теміржол вокзалдарын, содан кейін шағын станцияларды тексеріп шығады. Вокзалдарды тексеру жұмыстары басталды.
Министр Астана, Ақтау және Ақтөбе әуежайларына ерекше назар аударды.
«Ең алдымен, осы әуежайларда тазалық пен тәртіп орнату қажет. Әуежай басшылығына ескерту жасаймын», — деді Марат Қарабаев.