CaspianLife, 24 шілде – Естеріңізге сала кетейік, кеше Бесікті ауылының тұсында белгісіз жағдайларда 2010 және 2011 жылдары туған екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен болатын.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше ұлдардың бірінің денесін өзеннен туыстары алып шыққан. ТЖД жедел-құтқару отрядының сүңгуірлері мен полицейлер екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізген еді. Бүгін, шамамен сағат 13:00-де, оқиға орнынан шамамен 7-8 км қашықтықта өзеннен екінші баланың денесі табылды.