CaspianLife, 24 шілде – Атырау қаласы прокуратурасының жүргізген талдауының нәтижесінде, кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, көптеген мәселелер шешімін тапты. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік сатып алу келісімшарттары жасалған. Бұл келісімшарттар бойынша қызмет көрсетушілер өз міндеттемелерін толық орындағанына қарамастан, тапсырыс берушілер 217 кәсіпкерге атқарылған жұмыстың ақысы 807 миллион теңге төлемеген.
Осы мәселеге қатысты прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 105 кәсіпкердің пайдасына 182,7 миллион теңге қаражат төленді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 3 лауазымды тұлға кәсіпкерлерді заңсыз тексергені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Атырау қаласы прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда және бұл мәселелер басты назарда.