CaspianLife, 12 шілде – Сонымен қатар, күдіктілер Астана мен Шымкент қалаларында, Жамбыл облысында да экстремистік әрекеттері үшін ұсталған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, діни радикалдар әрекетінің жолын кесу шаралары прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен жүргізілді.
Жедел қызметкерлер лаңкестік әрекеттерге қатысты, терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетті ұйымдастырды және осы мақсаттарға адамдарды тартты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы мен бір шетелдікті қамауға алды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемдегі діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
«Айта кетейік, күдіктілердің бірі бұрын шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысқан, ол үшін Қазақстанда сотталған. Тағы екі тұлғаға қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде», — делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.