CaspianLife, 2 шілде — Тасқын салдарынан бүлінген Атырау — Индер тас жолының 24 шақырымы уақытша қалпына келтірілді.
1 шілде күні ашылған жолмен әзірге жеңіл көліктер қатынай алады.
Жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарына Атырау облысы автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 10 адам жұмылдырылып, 36 техника пайдаланылды.