CaspianLife, 27 маусым — Caspian News телеарнасының тілшісі Айдос ҚАРАБАЛА AMANAT партиясының журналистер арасында өткізген республикалық байқауының медиа сыйлығына ие болды.
Журналистің «Алаш қозғалысы» туралы дайындаған материалы қазылар алқасынан оң баға алды. Айдос Қарабала бірнеше жылдан бері Алаш қозғалысы туралы тың ақпарат іздеп, өзге өңірлерге барып, тарихты түгендеп, қалың көрерменге шынайы әрі объективті ақпарат таратып келеді.
Сыйлықты тапсыру салтанаты БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында өтті. Марапатты иелеріне Amanat партиясының төрағасы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Қошанов және елге белгілі өзге де тұлғалар тапсырды.
Amanat партиясы журналистер арасындағы республикалық конкурсты осымен 15-рет өткізіп отыр. Биыл конкурсқа 200 адамнан 1500-ге жуық материал түскен. Басым бөлігі – аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарынан.