CaspianLife, 12 маусым — Жылыой ауданында 10-маусымнан бастап «Сергек», «Аркан» және «Интегра» камералары толықтай іске қосылды. Бұл үшеуі қосылғалы бері екі күн ішінде 60-қа жуық құқық бұзушылық анықталыпты.
«Қазіргі таңда Жылыой ауданы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлығы 912 бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіліп, Жедел басқару қызметкерлерінің үнемі бақылауында. Аталған бейнебақылаулардың ішінде 134—і Интегро, Аркан және Сергек бейнекамералары. Автоматты түрде құқық бұзушылықтарды анықтайды. Ағымдағы жылдың оныншы маусымынан бастап осы аталған Интегро, Сергек, Аркан бейнекамералары іске қосылып, екі күннің ішінде елу жеті құқық бұзушылық анықталып отыр»,-деді Жылыой аудандық ПБ Жедел басқару орталығының бастығы Тілеуке Құмаров.
Еске салайық, ауданда болған төтенше жағдайға байланысты жедел штабтың шешімімен 4-сәуір күні Құлсары қаласындағы бейне бақылау камералары өшірілген еді.