CaspianLife, 5 маусым — Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, қазіргі уақытта қаланың тасқын кезінде бүлінген ықшамаудандарында қалпына келтіру жұмыстары жүруде.
«Тасқын судан зардап шеккен ықшамаудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіру басталды.
Мәселен, қазіргі уақытта «Автожолшылар 2″ ықшамауданында асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Сондай ақ, жоспарланған жұмыстар да қосымша атқарылуда.
Мәселен, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын, қасбеттерін қайта жаңғырту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізілуде» деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.