CaspianLife, 3 маусым — Өр суының көп келуіне байланысты, Жайық өзенінің су өткізу қабілетін арттыру мақсатында өзеннің Каспий теңізіне құяр сағасының 48,9 шақырымнан бастап 50,5 шақырымына дейін түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр.
Түп тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 1600 метр, ені 20 метр және тереңдігі 1,2 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта мердігер мекеме түп тереңдету жұмыстарына “ЗРС-Г”, “Ватермастер-1”, “Ватермастер-2” жер сорғыш снарядтарын (землесосный снаряд) қолданып жатыр.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметі бойынша, «Қазақстан су жолдары» РМҚК тапсырысымен барлығы 2643 метр жер қазылып, 16 686 м3 топырақ алынған. Бас мердігер — «ПавлодарӨзенПорты» АҚ.
Сонымен қатар, “ДМ ЭКО КАСПИАН” ЖШС 2350 метр түп тереңдету жұмыстарын жасады.