CaspianLife, 31 мамыр — Жаңа «Mass Alert» жүйесі 1 маусымға дейін енгізілетінін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мамырдың ортасында мәлімдеген еді.
— Төтенше жағдайлар жөнінде тұрғындарға «Cell Broadcast» технологиясы арқылы хабарланатын болады. Бұл байланыс желісіне салмақ түсірмей, базалық станция антендері бар аумақта барлық абонентке жылдам әрі жаппай хабарлама жіберуге мүмкіндік бермек, — деген болатын Е.Досаев.