Атырауда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 4 дәрігерге орден мен медаль берілетін болды. Төртеуі де індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері.
Атырау облыстық №2 аурухананың 40 жыл инфекционисі болған Жұмабек Дәулетов, облыстық жедел жәрдем стансасының фельдшері Алмагүл Демисинова, Атырау облыстық ауруханада рентгенолог болып қызмет еткен Ғаділет Сұлтанғалиевке «Құрмет» ордені тағайындалады. Ал облыстық кардиология орталығының хатшысы Елена Папузинаның құрметіне «Ерен еңбегі үшін» медалі дайындалған.