CaspianLife, 24 мамыр — Тасқын жағдайына байланысты, Оқу ағарту министрлігінің шешімімен, аралық және қорытынды атестаттаудан Махамбет ауданындағы барлық мектептер, Жылыой ауданындағы тасқыннан зардап шеккен № 5, 8, 19, 6 мектептердің 5-11 сынып оқушылары босатылып отыр.
«Атырау облысы бойынша, 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау тапсырмайды.
Олардың қатарында Жылыой ауданындағы № 5, 8, 19, 6 мектеп және Махамбет ауданындағы 16 мектептің білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.
Алайда, 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. 9 сынып бітіргеннен кейін оқушылар арасында колледждерге оқуын жалғастыруға ниеттілер болса, шәкірттер колледждерде қабылдау емтихандарын тапсырады» -деді Атырау облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Дина Стамғали.