CaspianLife, 22 мамыр — Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының бірі топан су ортасында қалған. Осыған байланысты қожалық иесі құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Құтқарушылар су ортасында қалған 4 үйір (80 бас) жылқыны қауіпсіз жерге айдап, көшіру жұмыстарын жүргізді.
Құтқару жұмыстарына 18 адам, 8 қайық, 4 техника жұмылдырылды.