CaspianLife, 22 мамыр — Бұл туралы бүгін Жылыой ауданынының әкімдігі хабарлады.
«Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді.
Алда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр.
Қала алаңы қалыпты өмірге оралды, бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Қалада зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау нәтижелерімен таныстыру бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғасуда.
Құлсарылықтарға № 20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік қолдау көрсетілуде.
Бағалау нәтижелерімен келіскен қала тұрғындары мен әкімдік арасында шарттарға қол қою жергілікті Мәдениет үйінде жалғасуда.» -делінген Жылыой ауданы әкімдігінің хабарламасында.