CaspianLife, 2 мамыр — Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігі жобасын жариялады.
Ішкі істер министрінің жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы 25 сәуірде жарияланған және күнтізбелік он күннен кейін – 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжатта енді «жаяу жүргіншілер өткелі» және «қиылыс» ұғымдары нақтыланып, «жол-көлік оқиғасын оңайлатылған тіркеу» жаңа термині – ішкі істер қызметкерлерінің қатысуынсыз жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды ресімдеу енгізіледі. Яғни, Еурохаттама.
Сонымен қатар, ережелер жаңа бағдаршам сигналын — жасыл «+» белгісін қарастырады, бұл «қарсы бағытта келе жатқан көліктер үшін тыйым салатын — қызыл сигнал қосулы болады (бұрын жол ережесінде «қызыл +» белгісі болған).
6 мамырдан бастап автокөліктерге арналған жаңа сәйкестендіру белгілері пайда болады: «Электромобиль» (көліктің артқы жағында ілінеді) және «Газ жабдығы бар автомобиль» (газ жабдығы бар автомобильдердің артқы және алдыңғы жағына ілінеді). Сонымен қатар, енді жол қозғалысы ережелерінде «мүгедек» белгісі «тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектер немесе осындай мүгедектер тобын тасымалдайтын» азаматтардың көліктеріне ілуге рұқсат етілетін болады.
Елді мекендерде көлік қозғалысына келесі рұқсаттар жоспарлануда:
— жол белгілерімен белгіленген ерекше жағдайларды қоспағанда, сағатына 60 шақырымға дейінгі жылдамдық, бұл жағдайда максималды жылдамдық сағатына 90 шақырымнан аспауы керек;
— жүк көліктері мен автобустар жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін;
— тұрғын аудандарда және оған іргелес аумақтарда рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық сағатына 20 шақырым болады.