CaspianLife, 2 мамыр — 2-мамырда Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 32 см-ге көтеріліп, 750 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см.
Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі 795 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір 459 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см.
Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 5 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 359 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр.
Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 4 см-ге төмендеп, 146 см-ді көрсетті. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 1-мамыр күні 8, Көшімде 7 см түссе, Тайпақта 34 см-ге көтерілді.
2-мамыр күні Иреклі суқоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.