CaspianLife, 18 сәуір — Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді,-деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.
Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын.
Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.