Caspianlife, 11 сәуір — Бүгін сағат 15-00-де Атырау қаласындағы Тасқала ауылынан Каспий теңізі бағытына қарай 20 км жерде қамыс өртенгені анықталды. Өрт аумағы анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖД 11 жеке құрам қызметкері мен 4 техника жұмылдырылған.