CaspianLife, 4 сәуір — Орск.ру интернет ресурсының хабарлауынша Ирекліден жіберілетін су көлемі секундына 2400 текше метрге дейін көбеюі мүмкін. Қазір қалада төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жедел отырысы өтіп жатыр. Орск қаласының басшысы Василий Козупицаның сөзінше Иреклі су қоймасының аузы-мұрнынан шығып толына небары жарты метрдей ғана қалған. Сондықтан одан жіберетін су көлемі ұлғаюы мүмкін. Тіпті суқоймаға қанша су келсе, сонша су төменге жіберілуі ғажап емес. Орскіге қарасты Новоказачий, малык Кумак, Первомайский, Жаңаталап, Мостострой секілді елдімекендерді су басу қаупі бар.