CaspianLife, 30 наурыз — Бүгінде Қызылқоға ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары ауданды тасқын судан аман алып қалу үшін тынбай жұмыс жасап жатқан еріктілерге ыстық тамақ таратты.
Сондай-ақ, ыстық тамақ ауданның қауіпсіздігі үшін бір кісідей атсалысып жатырған «АИС» жшс қызметкерлеріне де үлестірілді.
Миялы ауылының тұрғындары да әр тұста бөгеттердің осал тұстарын бекітіп,биіктету және қапшықтарға құм толтыру жұмыстарын жасап жүрген жандарға ыстық тамақ беруге атсалысты. Осылайша, жерлестеріміз сын сағатта бір-біріне демеу болып, ұйымшылдықтарын көрсетуде.