CaspianLife, 14 наурыз — Енді қазақстандықтар мемлекет тарапынан қандай БАҚ-на төленетінін біле алмайды. Бұл туралы Press.kz телеграм арнасы жариялады.
«Вице-министр Ысқақовтың енді мемлекеттік ақпараттық тапсырыс туралы ақпарат ашық болады деген жалынды сөздері есімде, бірақ соңында не болады? Міне, Ақпарат министрлігінен жауап — ақпарат тек қызмет бабында қолдануға арналған. Қазір 2024 жыл. Мемлекеттік сатып алулар ашық, бірақ мемлекеттік ақпараттық тапсырыс туралы ақпарат жоқ», — дейді «Құқықтық медиаорталық» директоры Диана Өкремова.