CaspianLife, 12 наурыз — Мақат аудандық мәслихатының кезекті 11-ші сессиясы өтіп, онда бір ғана мәселе қаралды. Аудан әкімі Ринат Ибрагимов 2023 жылы атқарылған жұмыс пен биылғы жоспар туралы баяндады. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім, спорт, мәдениет, инфрақұрлым бағытында жасалған шаруаға тоқталған аудан әкімі жұмыссыздық мәселесінің де біртіндеп шешіліп келе жатыр деді.
— Сапалы жұмыс орындарын құру бойынша өткен жылы жұмыс іздеуші ретінде 2138 адам хабарласып, оның 1174 адамы әртүрі белсенді шараларға қатыстырылып, тұрақты жұмысқа орналасып, 106 пайызды құрап отыр. Алғашқы жұмыс орны бойынша 21 жұмысқа жіберілді, Ұлттық жоба шеңберінде 2293 адам белсенді шараға қатыстырылды. Нәтижесінде жастар тәжірбиесіне 122 адам, қоғамдық жұмыстарға 282 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 49 адам, «Күміс жас» жобасына 52 адам, «ұрпақтар» келісім-шартымен 2 адам жұмысқа орналасса, «бастау бизнес» жобасымен 164 адам, «онлайн скайлес» 176 адам, «кәсіптік бағдарлау» жобасымен 781 адам оқыды, -деді Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов.
Бұдан кейін депутаттар аудан әкіміне сұрақтарын қойды. Халық қалаулылары қозғаған мәселелердің бірі — Доссор кентіндегі кәріз жүйесіне қатысты болды.
— Доссор кентінде кентаралық кәріз жүйесі 2018 жылдан 2021 жылға дейін жұмыстар жүргізілді. Қазір аяқталды. Ал енді кәріз суын тазартатын нысанның құрылысы әлі басталған жоқ. Оның не себепті екенін білгіміз келеді. Былай айтқанда облыс әкімі келгенде де, басқасы келгенде де басталып жатыр турецкий жоба келіп жатыр дейді, онымен бірақ та халық ол жөнінде ешқандай мағлұмат біліп отқан жоқ, біз арқылы білгісі келеді. Кентішілік жұмыстардың бүлінуін, құдықтардың отырып кетуі, іштері топырақпен толуы, тұрғындардың жеке рұқсатынсыз кәріз жүйесін қосылып кетіп жатыр. Жердің деңгейіне байланысты төменгі тұрған үйлердің тұсынан кәріз суының жарып шығуы жөнінде арызданып жатыр. +Осы орайда Ринат Хисаұлы Сізден алдағы уақытта облыстық құрылыс басқармасының басшысын, жауапты маманымен және кент ішілік кәріз жүйесінің жұмыстарын жүргізген мердігер мекеменің өкілімен бірге ауданға келіп жуық арада түсіндерме жұмысын жүргізуге ұйымдастыруды сұраймыз, -деді Мақат аудандық мәслихатының депутаты Әділбек Идиятов.
Аудан әкімі Ринат Ибрагимов депутаттық сауал мен ұсыныс-пікірлердің заң аясында қаралып, жауабы берілетіндігі айтылды.