CaspianLife, 28 ақпан — 14 наурызда Атырауда Ұлттық Құрылтайдың отырысы өтеді, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Шара Қазақ хандығының ежелгі астанасы атанған Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, Атырауға Мемлекет басшысымен бірге мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да келеді.
Жергілікті билік Қазақстан Республикасының Президенті мен министрлерінің қарсы алуға дайындықты бастап кетті. Атырау қаласында әуежайдан облыс әкімдігіне дейінгі жолдардағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ қазіргі таңда Махамбет-Атырау тас жолында ауыр жүк көліктерінің аялдамасын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылуда. Наурыз айының басынан бері коммуналдық қызметтер шараға қызу дайындықпен кіріседі.