CaspianLife, 19 ақпан — Мамандар компания туралы бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты зерттеп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметіне өндірістік, қаржылық және құқықтық аспектілер бойынша егжей-тегжейлі аудит жүргізілмек.
ҚМГ зауыт қызметкерлерімен туындаған барлық мәселелерді талқылауға дайын.
«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев кәсіпорында өндірістік кеңес өткізді. Зауыт жұмыс істеп тұрғаны және мұнай өнімдерін қалыпты түрде жөнелтуді жалғастырып жатқаны атап өтілді.