CaspianLife, 7 желтоқсан — Бүгін таңертең Ақтау тұрғындарынан жер сілкінісі туралы жаппай хабарлар түсе бастады.
Сағат 09:17 шамасында тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінгенін хабарлады. Ақпарат қаланың әртүрлі аудандарынан келген.
Ақтау сауда ойын-сауық орталығындағы бутик қызметкерлерінің айтуынша, олар қауіпсіздік мақсатында біраз уақытқа ғимараттан эвакуацияланған.
Earthquaketrack.ru сайтының хабарлауынша, магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі Әзірбайжанға жақын Каспий теңізінде болған. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер асты дүмпулері UTC 04:15-те (Мәскеу уақытымен 07:15) сезілген. Жер сілкінісінің ошағы 42 шақырым тереңдікте жатыр.