Қызылқоғада да қызылшаны жұқтырғандар саны қарашада күрт көбейді. Жалпы ауданда соңғы екі ай ішінде 70-ке жуық дерек тіркеліпті. Дәрігерлер аурудың күн санап көбеюіне балалардың екпені уақытылы алмауы себеп, — деп отыр.
Осы уақытқа дейін Қызылқоға аудандық ауруханасынан қызылша жұқтырған18 науқас емделіп шыққан. Қазір 4 кішкентай ем-дом алып жатыр.
Айнұр ТІЛЕМІСОВА, Қызылқоға аудандық ауруханасының директоры
— Амбулаториялық емде 16 бала емделіп жатыр. Қазіргі аудандық ауруханадағы4 балада жағдайлары орташа ауырлықта. Бұл қызылшаның жеңіл түрі болады, ауыр түрі болады және өте ауыр түрі болады. Жеңіл түрде ауыратындар осы амбулаторияда емделеді, , ауыр түрде ауырғандар аудандық ауруханада емделеді.
Ауданда қызылша, қызамық, паротитке қарсы жаппай қосымша иммундау аясында 6 мен 11 ай аралығындағы 44 нәрестеге екпе салынған.