Атыраудағы «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің» басшылығы жауапкершілікке тартылды. Атырау облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокурорлармен біріге отырып, тексеріс жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтаған.
Атап айтсақ, ЖШС монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, бірдей келісімдерге әр түрлі баға немесе шарт қолданған. Сондай-ақ, басқа субъектілердің тауар нарығына кіруіне және шығуына кедергі келтіріп, экономикалық немесе технологиялық тұрғыданнегiзсіз шарт талаптарын күштеп міндеттепті.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне» 324 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді.