Атырау облысы ПД Киберпол арнайы тобы іс-шара аясында әлеуметтік желілерде күдікке ілінген алаяқтық парақшаларын анықтап, назарға ұсынады. Анықталған интернет-алаяқтық парақшаларының басым бөлігі Instagram әлеуметтік желісі арқылы ұялы телефон және үй жиһаздарын арзан бағада жарнамалайды.
Арзан бағадағы тауарға қызыққан қарапайым халық әлеуметтік желі арқылы бөліп төлеу немесе банк картасына аударым жасау арқылы төлем жасап, тапсырыс береді. Кейіннен парақша иесі тапсырыс берушіні әлеуметтік желіден бұғаттап, тапсырыс беруші мен сатушы арасында байланыс үзіледі. Осылайша, арзан бағаға алданғандар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беріп, интернет-алаяқтықтың құрбаны болады.
Әлеуметтік желідегі алаяқтық парақшалар тізімі:
“euro_iphone.kz”;
“Apple trade”;
“Applezone.kz”;
“okko_mebel”;
“xantore_mebel”;
“yellow. apple. kz”;
“mir_tehniki”;
“onlyapplekz”;
“applegoods.kz”;
“apple_sale.kz”.
Осы ретте, полицейлер интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмауға ескертеді.