CaspianLife, 5 қазан — Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин орынбасарлары мен бөлім басшыларын жинап, қала әкімдігі мен жауапты мекемелерге жүктелген аумақтардың санитарлық тазалығы бойынша көшелер мен ықшам аудандардың аулаларын аралап өтті.
Қалалық әкімдіктен басталған маршрут Балықшы ықшам ауданына дейінгі аралық және Вокзал маңы, Алмагүл ықшам аудандары, Дина базарының аумағын қамтыды. Аралау барысында жеке тұрғын үй секторы алдында жиналған құрылыс материалдары мен қалдықтар, лас қоқыстар, қураған талдар, жол апатына себепші болатын құдықтардың сапасыз жабындылары және де бірқатар олқылықтарды атап өтті.
— Қаланың сәулетті келбетін дұрыс қадағалап, бақылау қалалық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі жауапты. Ұжымдарыңызда 60-қа жуық қызметкер бар, барлығына тапсырма жүктелуі тиіс. Қалалық әкімдіккке қарасты барлық бөлімдер мен жауапты мекемелердің басшылары да өздеріне тиесілі аумаққа жауапкершілікті күшейту керек. Бөлімнің өздеріне бекітілген аумақтарының тазалығын қадағалап, аптасына бір рет мәлімет беру жұмыстары мүлдем ақсап тұр. Округ әкімдеріне де өз аумағындағы тазалықты аса мән беруді тапсырамын. Ендігі жиын кабинетте ғана емес, қаланың әр нүктесінде өткізіледі, деді қала әкімі.
Айта кетейік, қала әкімі тазалық мәселелері бойынша көшпелі жиынды кемінде айына 2 рет өткізуді жоспарлады.