CaspianLife, 3 қараша — Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек береді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммитінде осылай мәлімдеді.
«Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегіп жатыр. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым» -деді Тоқаев.