CaspianLife, 6 қазан — Атырауда төрт түлік малмен соқтығысқан жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында ірі-қара мойынына жарық қайтарғыш ленталар тағылып, жарық шағылыстыру қасиеті бар бояу шашу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды CaspianLife.
Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция тобының инспекторы полиция капитаны Ермек Зұлқаровтың ұйымдастыруымен республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары автомобиль жолының Мақат ауданындағы мал шаруашылық қожалықтарындағы ірі-қара малдарының мойындарына жарық қайтарғыш ленталар тағылды. Аталған жұмысқа «NCOC» компаниясы мен ҚазАвтоЖол демеушілік еткен.
Айта кетейік, 300 жарық шағыстырылғыш ленталар тасжолға жақын 10 шаруа қожалық иелеріне таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.