Мұны «Facebook» желісінде Маңғыстаулық тұрғын жариялады.
Бейнежазба авторы бұл түсірілімді түсірген күнді де, белгілі бір шағын ауданды да нақтыламады.
Жергілікті биолог, Батыс Қазақстанның «Табиғи орта» ҮЕҰ Өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов бұл «Қызыл кітапқа» енген Үстірт арқары емес, ешкі екенін түсіндірді. Ол мамандармен кеңескеннен кейін бейнедегі жануардың ешкі малы екенін нақтылады.
«Басында мен де оны Үстірт қойының ұрғашысы деп ойладым. Бірақ мамандар бұл ешкі екеніне сенімді. Қалай болғанда да, қоқыс контейнеріне бүтіндей ешкіні лақтыру дұрыс емес», — деді Әділбек Қозыбақов.